Ссылки доступа

Душанбеде ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің жиыны өтіп жатыр


Архивное фото
Архивное фото

Тәжікстан астанасында 19 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Министрлерді ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қабылдайды деп жоспарланған.

Жиналыста қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалды реттеу мәселесі сөз болар-болмасы әзірге белгісіз.

Хабарларға қарағанда, Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин 19 мамырда ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. Олар екі ел арасындағы әуе қатынасын, Ресейдегі тәжік еңбек мигранттарының мәселесін, тәжік-ауған шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылаған.

ҰҚШҰ 1992 жылы құрылды. Оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. Тәжікстан ұйымға 2021 жылы төрағалық етеді.

XS
SM
MD
LG