Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға 37 жастағы тиктокер ескерткішті құшақтап жатқаны түсті. Оператордың: "Не істеп жатсың?" деген сауалына ол: "Ана алақанында жатырмын, оның кім екенін білмеймін", - деп жауап берген.
Жергілікті милиция әкімшілік іс қозғап, оны 15 тәулікке қамады.
Сотта тиктокер жасаған ісіне өкіненін айтып, кешірім сұраған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 37 жастағы тиктокер бұған дейін темір жолда жатқан видеосы үшін әкімшілік жаза өтеген. Бұның алдында тағы бір тиктокер Әлішер Навои ескірткіші маңында ерсі қылық көрсеткені үшін 15 тәулікке қамалғаны хабарланған.