Ссылки доступа

Қырғыз ОСК Бішкек қалалық кеңесіне сайлаудың нәтижесін жойды


19 мамырда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) "Эмгек", "Ата-Жұрт Қырғызстан" партияларының және "Ақ бата" партиясының үш үміткерінің аймақтық сайлау комиссияның (АСК) Бішкек қалалық кеңесіне сайлаудың қорытындысын жоққа шығару туралы шешіміне байланысты арызын қарады.

Нәтижесінде Бішкек аймақтық сайлау комиссиясының қалалық кеңеске дауыс берудің қорытындысын жоққа шығарған шешімін күшінде қалдырды.

АСК 12 мамырда Бішкек қалалық кеңесіне дауыс берудің қорытындысын жойған. Оған Қырғызстан халықтық демократиялық партиясы (ҚХДП), “Эмгек” және "Ақ бата" партияларының сайлаудан шеттетілгені, олардың жинаған дауыстары жарамсыз деп танылғаны негіз болған.

Бішкек қалалық кеңесіне өткен сайлауды жоққа шығару туралы АСК-тың шешімін күшінде қалдыру талабымен бірқатар партиялардың өкілдері баспасөз жиынын өткізген.

Бішкек қалалық кеңеске соңғы сайлауда жеті пайыздық межеден "Эмгек", "Ақ бата", ҚХДП, "Ата-Жұрт Қырғызстан", "Ынтымақ", "Біздің ел" партиялары өткен.

XS
SM
MD
LG