Орзу Исоев фильмде “Озоди” радиосы тілшісінің "таймлайнын" (оқиғаны хронологиялық тәртіпте визуалдық түрде көрсету) қолданғанын жеткізді.
Фильм авторы "Головной" су қоймасында, Исфарадағы Хожаи Аъло ауылында болған. Фильмде журналистердің жанжал болған аймақтағы ауыр жұмысын баяндайды.
28-29-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжалда 36 қырғыз азаматы қаза болды. Тәжік билігі 19 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Екі ел бұл үшін бірін-бірі айыптап, қылмыстық істер қозғады.