Ссылки доступа

Мәскеуде тәжік оппозиционері жоғалып кетті. Жақтастары оны Тәжікстанға ұстап беруі мүмкін деп алаңдайды


В Москве пропал таджикистанский оппозиционер Рахматджони Махмаджон
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

В Москве пропал таджикистанский оппозиционер Рахматджони Махмаджон

Ресей астанасында 18 мамырдың кешінен бері "24 топ" оппозициялық қозғалысының белсендісі Рахматжони Махмаджонды таппай жатыр. Туыстары да, жақтастары да белсендінің қайда екенін білмейді.

Ресей полициясы Махмаджонның жоғалғаны туралы арызды қабылдаған. Белсенді жоғалардан бұрын оған белгісіз біреулер қорқыту мақсатында хабарламалар жіберген.

"24 топ" қозғалысы 2012 жылы құрылды. Екі жылдан соң Тәжікстанның Жоғарғы соты оны экстремистік ұйым деп таныды. Содан кейін постсоветтік елдерінде қозғалыс белсенділері ұстала бастады. Ондаған адам түрлі жаза мерзімімен сотталды. Топты құрған Умарали Кувватовты 2015 жылы Стамбулда өлтіріп кетті.

Рахматжони Махмаджон халықаралық конференцияларда Тәжікстан билігін талай мәрте сынаған, сонымен бірге президент Эмомали Рахмонға қарсы митингілер мен наразылық акцияларына қатысқан. 2019 жылғы 24 маусымда ол Мәскеудегі Қызыл алаңда Эмомали Рахмонның Ресейге сапары кезінде акция өткізген.

Махмаджонның әріптестері 2018 жылы белсенді Ресей азаматтығын алғанын, соған қарамастан оны күшпен Тәжікстанға жеткізуі мүмкін екенін айтты. Рахматжониді Тәжікстанның ішкі істер министрлігінің өкілдері бірнеше мәрте "әңгімеге" шақырған, белсенді мұндай ұсыныстардан бас тартқан.

"Бір жылдың ішінде Ресейде біздің үш белсендімізді ұрлап әкетті. Олардың екеуін Литва шекарасынан өтер кезде ұстаса, Шобудин Бадаловты пәтерінен алып кетті", - деді қозғалыс өкілі Саидали Ашуров.

XS
SM
MD
LG