"Елімізде халыққа вакцина салынып жатқанын, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын есепке ала отырып, әуе және темір жол қатынасын жүйелі түрде қалпына келтіретін уақыт келді деп санаймыз", - деді өзбек президенті өткен жұма күні онлайн түрде өткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жоғары жиынында.
Ол сонымен бірге Өзбекстан ЕАЭО-мен сауда кедергілерін алып тастауға дайын екенін жеткізді.
"Біз Еуразиялық экономикалық комиссиямен және одаққа мүше мемлекеттермен сауда байланысындағы кедергілерді алып тастауға дайынбыз", - деді Шавкат Мирзияев.