Ссылки доступа

Депутаттарды тінту оқиғасынан кейін Әндіжан қаласының прокуроры отставкаға кетті


Әндіжан қаласының прокуроры Курбонали Аскаров отставкаға кетті. Ресми мәліметке қарағанда, оны қызметінен босату жөніндегі бұйрыққа 21 мамырда Өзбекстанның бас прокуроры қол қойды.

Аскаров Әндіжан қалалық кеңесінің сессиясы өтіп жатқан кезде құқық қорғау органдары бірқатар депутататтарды тінтіген оқиғадан кейін қызметінен алынды.

Бірақ Өзбекстанның бас прокуратурасы Курбонали Аскаровтың отставкасы депутаттарды тінту оқиғасымен байланысты емес екенін жеткізді. Бақылаушы орган ол өз қалауымен қызметінен кетті деді.

17 мамырда Әндіжан қалалық кеңесінің сессиясы өтіп жатқан кезде құқық қорғау органдары тінту жүргізіп, олардың құл сұғылмаушылық құқығын бұзып, ұялы телефондарын алып қойған.

Депутаттарды тінтуге қалалық прокуратура қызметкерлері қатысқаны айтылған.

XS
SM
MD
LG