Үкімет басшысы Ош облысындағы Чон-Алай ауданының тұрғындарымен кездесуде осылай деп мәлімдеген.
"Шекара мәселесі - ең өзекті мәселе. Бар күшімізді осы мәселені шешуге жұмсап жүрміз. Біз оны міндетті түрде шешеміз... Мемлекеттік шекараны нығайтуда жергілік тұрғындардың рөлі маңызды. Сол себепті сіздерді төзімді болуға үндейміз", - деді Марипов.
Үкімет басшысының мәлімдеуінше, "басты мақсат - қарапайым халықтың жағдайы жақсарту".
28-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында болған жанжалдан 50-ден астам адам қаза болған, жүздеген адам зардап шеккен. (Қырғыз жағы 36 қырғыз азаматы, тәжік тарабы 19 адамның опат болғанын хабарлады). Екі жақ бір-бірін жағдайды ушықтырды деп айыптап, қылмыстық істер қозғаған.