Ссылки доступа

"Қала сәнін бұзады". Душанбеде үй төбесіндегі спутник антенналарды алып тастап жатыр (видео)


Тәжікстан астанасының билігі өткен аптада Рудаки даңғылындағы үйлердің төбесіндегі спутник антенналарды алып тастады.

21 мамырда астанадағы Исмоили Сомони ауданы әкімдігінің қызметкерлері тұрғын үйлердің шатырындағы спутник антенналарды алып тастауға кірістіг. "Антенналар қаланың көркін бұзып тұр, сол себепті оларды алып тастаған жөн", - дейді қызметкерлердің бірі.

Тұрғындар антенна ақша тұрады десе, кейбіреуі бұны ақпаратты шектеу деп түсінеді.

"Біздің пікірімізді ешкім тыңдағысы келмейді. Антеннаны ақшаға сатып алдық, оны орнатуға ақша төледік, соның шығынын өтеп берсін", - дейді тұрғындардың бірі.

Бірақ әкімдіктегілер спутник антенналарды алып тастауға тұрғындарға уақыт берілгенін алға тартып отыр. Рудаки даңғылындағы 3-4 тұрғын үйден шамамен 150 антенна алынған.

Тұрғындар антенналарын қайтарып ала алады, бірақ ол үшін олар спутниктен таралатын телевидениеге балама түрін қостыруы керек.

XS
SM
MD
LG