Ссылки доступа

Өзбекстанда мектеп директорының орынбасары мен мұғалімді ұрғандардың ісін тексеріп жатыр


Одна из избитых учительниц в Китабском районе (фото районной администрации)
Одна из избитых учительниц в Китабском районе (фото районной администрации)

Қашқадария облысына қарасты Китоб ауданында өткен аптада №51 мектеп директорының орынбасары мен мұғалімді ұрып кеткен.

Китоб ауданы әкімдігінің хабарлауынша, осы оқиғаға қатысты жиналыста тараптардың уәжі тыңдалған, ауданның білім бөліміне тексеру жүргізу туралы тапсырма берілген.

Мектеп директорының орынбасары мен мұғалім ауруханада жатыр.

"Китоб ауданының милициясы оқиғаны тексере бастады. Тергеу аяқталған соң қосымша ресми мәлімет таратылады", - делінген аудан әкімдігінің мәлімдемесінде.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға биыл 21 мамырда болған. Орта мектеп директорының орынбасары мен мұғалімді осы мектеп директорының басқа бір орынбасарының туыстары ұрған.

XS
SM
MD
LG