Ссылки доступа

Әділетсіз үкімге наразы ондаған адам Нұр-Сұлтанға келіп, Жоғарғы сот төрағасымен кездесуді талап етті (видео)


Десятки людей требуют встречи с главой Верховного суда Казахстана: они считают, что их засудили
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

24 мамырда Қазақстанның түкпір-түкпірінен ондаған адам Нұр-Сұлтанға келіп, Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтан өздерімен кездесуді талап етті.

Олардың бәрі сот шешіміне наразылар. Бірнеше ай бұрын президент әкімшілігі істер қайта қаралады деп уәде берген екен. Бірақ ештеңе шешілмеді дейді.

2021 жылдың ақпан айында аталған адамдар президент әкімшілігі алдында наразылыққа шыққан. Олар үкіметаралық комиссия құруды талап еткен. Сол кезде президенттің көмекшісі Тамара Дүйсенова олармен кездесіп, жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеген.

"Біздің тобымыздағы әр адамға президент әкімшілігінен звондап, жалған жұмыс тобына қатысуға шақырған. Бірақ бірде-бір құжатты бізге көрсеткен емес", - дейді Алматы облысының тұрғыны Дәуітбек Молдабаев.

Бірнеше адам сот ісін қайта қарау жөніндегі өтініштеріне жауап алған. Солардың бірі - бұрынғы нотариус Мурат Рамазанов. Ол алаяқтық айыбы бойынша тоғыз ай түрмеде отырып шыққан. Ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдеймін деп жүр.

"Істі қайта қарауға байланысты өтінішіме: сіздің ісіңіз қаралды, айыбыңыз дәлелденді деген жауап келді", - дейді Рамазанов.

​Бұл жолы Нұр-Сұлтанға келгендер Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен тікелей кездесіп, мәселелерін соңына дейін шешпей кетпейміз деп отыр. Олар Жоғарғы сот ғимараты алдында Асановтың шығуын талап етті.

Бірақ ғимараттан шыққан қызметкерлер "талаптарыңызды басшылыққа жеткіземіз" дегенмен ғана шектелген. ​

XS
SM
MD
LG