Ссылки доступа

15 маусымнан бастап Uzbekistan Airways компаниясының Мәскеуге рейстері "Домодедово" әуежайына қонады


15 маусымнан бастап Uzbekistan Airways әуе компаниясының Ресей астанасына рейстері "Домодедово" әуежайына қонады.

"Мұндай шешім Uzbekistan Airways рейстеріндегі жолаушыларға жағдай жасау мақсатында қабылданды", – делінген әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы күннен бастап аталған әуе компанияның рейстері "Внуково" әуежайына қонбайды.

Дегенмен Uzbekistan Airways таратқан мәліметте бұл туралы ештеңе айтылмаған.

XS
SM
MD
LG