Ссылки доступа

Айзада Қанатбекованың өліміне қатысты іс тоқтатылды


Айзада Қанатбекованы алып қашуға қатысты істі Бішкектің 1-май аудандық соты қарайды, кісі өліміне қатысты іс күдікті Замир Теңізбаевтың өліміне байланысты тоқтатылды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрбек Токтакунов хабарлады.

Айзада Қанатбекованы алып қашу оқиғасына қатысыт іс бойынша соттың алғашқы отырысы 27 мамырда басталады. Милиция қызметкерлерінің салғырттығына қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Айзада Қанатбекованың өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Оқиға биыл сәуірде болған. Белгісіз біреулер 26 жастағы қызды Бішкекте алып қашқан. Олар қызды күшпен көлікке салып, белгісіз жаққа алып кеткен. Қыздың денесі екі күннен соң табылды.

Милицияның мәліметі бойынша, қызды жейдемен қылқындырып өлтірген. Оны алып қашты деген Замирбек Теңізбаевтың да денесі сол автокөлікте жатұан. Қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін төрт күдікті ұсталды.

XS
SM
MD
LG