Ссылки доступа

Қырғызстанда биыл қыста электр қуаты тапшы болады


"Қырғызстан ұлттық электр желілері" тұрғындарды электр қуатын үнемдеуге шақырды. Биыл қыста электр қуаты тапшы болады.

Ұлттық компанияның мәлімдеуінше, 2021-2022 жылдардың күз-қысында электр қуаты тапшы болады. Өйткені Тоқтоғұл су қоймасын толтыратын Нарын өзенінде су аз. Бұл мәселені шешудің үш жолы бар.

Қазақстан және Өзбекстанмен электр қуатын алмасу. Атап айтқанда, 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың наурызына дейін көршілес екі елден 1,6 млрд кВт/с электр қуаты алынады, Қырғызстан оны 2021, 2022 және 2023 жылдардың жаз айларында қайтарады.

Бішкек ЖЭЦ-нің қосымша қуаты іске қосылып, шамамен 1 млрд кВт/с алынады.

Сонымен бірге, электр қуаты үнемделуі тиіс.

Сол себепті, ұлттық компания тұтынушыларды электр қуатын үнеммен пайдалануға, қосымша қуат көздерін де пайдалануға шақырды.

Биыл сәуірде қырғыз президенті Садыр Жапаров энергетика саласының дағдарысын еңсеру үшін электр қуаты тарифтерін қайта қарауды ұсынған.

XS
SM
MD
LG