Ссылки доступа

Өзбекстан үндістандық компанияларға вакцинаны бірге дайындауды ұсынды


Өзбекстан Үндістанның фармкомпанияларын вакцинаны жеті еркін экономикалық аймақта бірге дайындауға шақырды. Бұл туралы үндістандық FPJ басылымы Өзбекстан елшісі Дилшод Ахатовқа сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Өзбекстан Serum Institute, Bharat Biotech секілді үндістандық вакцина дайындаушы компанияларымен бірге жұмыс істегісі келеді.

"Өзбекстанның еркін экономикалық аймақтарында үндістандық компаниялармен бірлескен жобалар жасауға ерекше мән беріледі", - деді өзбек елшісі Мумбайда Дүниежүзілік сауда орталығында (MVIRDC) өткен кездесуде.

Сонымен бірге елші үнді компанияларын Өзбекстаның химия, мақта-мата, тері, ақпарат және телекоммуникация салаларына инвестиция салуға үндеді.

Хабарларға қарағанда, былтыр Үндістан мен Өзбекстан 3 миллиард доллардың 50 инвестициялық жобасы бойынша келісімге отырған. Үндістан Өзбекстандағы төрт даму жобасына 448 миллион доллар бөлген.

"Қазір 280 компания Өзбекстанда үнді капиталымен 650 миллион доллардың жобаларын жүзеге асырып жүр", - делінген мәліметте.

XS
SM
MD
LG