Ссылки доступа

Қырғыз түрмесінен қашпақ болған екі адамның біреуі оққа ұшты


Kyrgyzstan - #47 Prison, Bishkek, 28Dec2011
Kyrgyzstan - #47 Prison, Bishkek, 28Dec2011

26 мамырға қараған түні Қырғызстандағы Шу облысы Молдовановка ауылындағы №27 колонияда екі жазасын өтеуші қашу талпынған. Күзет оларды тыйым салынған аймақта байқап қалып, ескерту оғын атқан.

Одан соң күзетші қашып бара жатқандарға оқ атқан. Олардың біреуі оққа ұшты, екіншісі ұсталды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне Мемлекеттік жазаны орындау қызметі хабарлады.

Колониядан қашуға қалпынғандар 1963 және 1999 жылдары туған, аса ірі — кісі өлтіру және кәмелет жасқа толмағандарды зорлау қылмыстары үшін 10 және 21 жылға сотталған.

Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG