Ссылки доступа

Экс-президент Жээнбеков белсенді Мелис Аспековті сотқа берді


Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков пен оның бауыры, парламент депутаты Асылбек Жээнбеков белсенді Мелис Аспековті сотқа берді.

Шу облыстық сотының баспасөз хатшысы Байыш Байгазиновтың "Азаттыкқа" хабарлауынша, азаматтық шағым сотқа 25 мамырда түскен. Арызға белсендінің "Жээнбековтер Садыр Жапаровтың президенттік науқанын қаржыландырған" деп айтқаны себеп болған. Шағымданушылар соттан осы ақпаратты жоққа шығаруды талап еткен.

Кейбір ақпарат құралдарының мәліметінше, арызданушылар Аспековтен 1 млн сом (11,5 мың доллар) өндіріп беруін сұраған. Байгазинов арыз енді ғана тіркеліп жатқанын, сол себепті өтемақы құны кейін белгілі болатынын ескертті.

12 мамырда Аспеков Facebook-тегі парағында Жээнбеков Садыр Жапаровтың президенттік науқанына 10 млн доллар берді деп жазған.

Сооронбай Жээнбековтің адвокаты Асылбек Кочкоров бұны "жала жабу" деп атап, экс-президент сотқа жүгінетінін ескерткен.

XS
SM
MD
LG