Ссылки доступа

Бішкектің экс-мэрі Азиз Суракматов екі тәулікке ұсталды


Бішкек қаласының бұрынғы басшысы Азиз Суракматов Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіндегі тергеуден соң екі тәулікке ұсталды. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметіне күш құрылымдарындағы дереккөзі хабарлады.

Бұның алдында арнайы қызмет бұрынғы шенеуніктің тергеуде екенін растаған, бірақ оның қай іске қатысты сұралғанын айтпаған.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Суракматов мемлекеттік комитетке заңсыз байлыққа кенелу қылмысына қатысты іс аясында куәгер ретінде шақыртылған.

Азиз Суракматов Бішкек қаласын 2018-2020 жылдары басқарды. Былтыр қазанда елде билік ауысқаннан кейін ол өз еркімен қызметтен кетті.

51 жастағы Азиз Суракматов қала басшысы болып тағайындалғанға дейін қалалық кенештің, кейін парламенттің депутаты болған.

XS
SM
MD
LG