Ссылки доступа

Зардабын мигранттар тарта ма? Тәжікстан мен Қырғызстан биліктері өз шешімін дұрыс деп біледі


Пассажиры несостоявшегося рейса в аэропорту Душанбе, 26 мая 2021 года
Пассажиры несостоявшегося рейса в аэропорту Душанбе, 26 мая 2021 года

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарға Қырғызстанға бармауға немесе көрші елдің аумағы арқылы өтпеуге кеңес берді.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің 26 мамырда таратқан мәлімдемесінде Қырғызстан билігі алдын ала ескертпестен Тәжікстан азаматтарына елге кіруге тыйым салды делінген.

"Тәжікстан Республикасының жолаушы және жүк тасумен айналысатын заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлері Қырғыз Республикасының аумағын пайдаланбасын, кәсібін үшінші бір мемлекет арқылы жүргізсін", делінген Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Министрлік Қырғызстан аумағында құқығы бұзылған немесе келеңсіз жағдайға тап болған тәжік азаматтарына Тәжікстанның Бішкектегі елшілігіне +996500442211 және +996312511637 нөмірлерімен хабарласуға кеңес берді.

Бұның алдында тәжіктің "Сомон Эйр" әуе компаниясының 25 мамырға қараған түні Душанбеден Бішкекке ұшып келген рейсіндегі 200-ге жуық жолаушыны Бішкекке кіргізбей қойды. Сонымен бірге Ресейден түрлі қалаларынан ұшып келген немесе ұшуға дайындалған жүзге жуық тәжікстандық Бішкек әуежайының транзит аймағында қалып қойды. Шамамен бес сағаттан соң "Сомон Эйр" лайнері Душанбеге оралды.

Халықаралық "Манас" әуежайының баспасөз қызметі 26 мамырда "уақытша шектеулерге байланысты Тәжікстан азаматтары Қырғызстан аумағына кіре алмайтынын, Қырғызстанның шекара қызметі тәжікстандықтарды өткізуден бас тартқанын" хабарлады.

24 мамырда Қырғызстан үкіметінің басшысы Ұлықбек Марипов "жақында Тәжікстанмен шекарадан өтуге толықтай тыйым салу туралы шешім қабылданды" деп мәлімдеген. Оның айтуынша, шекарадағы дау шешілмейінше көрші елмен арадағы шекара жабық тұрады. Шешімде әуе қатынасы туралы ештеңе айтылмады.

Қырғызстанның шекара қызметі тыйымның әуе жолдарына да қатысы барын мәлімдеді.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі болса Қырғызстан билігі тәжікстандықтарды елге кіргізуге тыйым салғанын алдын ала ескертпеді деп отыр. "Бұл мәселеге қатысты қырғыз жағы бізге ешқандай ресми ақпарат берген жоқ", - деді Тәжікстанның сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз.

Қырғызстанның шекара қызметі үкімет қаулысы 21 мамырда күшіне енгенін, қызмет атқарушы орган болғандықтан, ол тәжік жағын алдын ала ескертуге міндетті емес екенін хабарлады.

Тәжікстан мен Қырғызстан қарым-қатынасы 28 және 29 сәуірдегі қарулы қақтығыстан соң күрт суып кетті. Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжалдан 36 қырғызстандық қаза тапты. Тәжікстан билігі шекарадағы жанжалдан 19 тәжікстандық қаза тапқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG