Ссылки доступа

Ресейге ұша алмаған жүздеген жолаушы Душанбе халықаралық әуежайы маңында митинг өткізді


Ресейге ұша алмаған жүздеген жолаушы 26 мамырда Душанбе халықаралық әуежайы маңына жиналып, Тәжікстан билігінен мәселені тезірек шешуін талап етті. Олар ресейлік "Северный ветер" әуе компаниясынан алған билеттермен бір аптадан бері Ресейге ұша алмай жүр.

Әуежай маңындағы наразылық акциясы 26 мамырда түстен кейін сағат екілер шамасында басталды. Халықаралық әуежай ғимаратына тәртіп сақтау күштері тез жетті.

Наразы жолаушылармен кездесуге Азаматтық авиация агенттігінің басшысы Икром Субхонзода мен Душанбе халықаралық әуежайының бас директоры Исматулло Абдуллозода шықты. Наразы топ олардан жолаушылар Ресейге неге ұша алмай жүргенін сұраған. Икром Субхонзода "Северный ветер" әуе компаниясын айыптап, фирма әуе билеттерінің бағасын түсіруге енді ғана келісті деп мәлімдеді.

Еске салайық, Тәжікстан үкіметіне қарасты Азаматтық авиация агенттігі 11 мамырдан бастап "Северный ветер" және "Сибирь" әуе компанияларының рейстеріне тыйым салды. Агенттік шешімін аталған компаниялардың әуе билеттерінің қымбаттығымен түсіндірген.

Агенттік басшысы "Северный ветер" әуе компаниясы чартерлік рейс билетінің құнын түсіруге 25 мамырда ғана келіскенін айтты. Компания әуе билетін 500 доллардан қымбатқа сатпауы тиіс.

"Сіздер халықтың мәселесін шешулеріңіз керек. Мына адамдардың көбі әуе билеттерін алу үшін қарыз алды, несие туырлады", - деді наразы жолаушылардың бірі.

Озоди радиосының тілшісі "Северный ветер" әуе компаниясы өкілдерімен байланыс орната алмады. Бұның алдында компанияның ресми өкілі Фирузджон Юнусов әуе билеттері 8500 сомониден қымбат еместігін мәлімдеген.

Тәжікстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерін "Сомон Эйр", "Уральские авиалинии", UTair, "Сибирь" және "Ямал" компаниялары орындай алады.

XS
SM
MD
LG