Ссылки доступа

Иранның Жоғарғы лидері 585 кандидатты президент сайлауына жібермеу шешімін құптады


Аятолла Хаменеи и кандидат на президентских выборах, председатель Верховного суда Эбрахим Раиси
Аятолла Хаменеи и кандидат на президентских выборах, председатель Верховного суда Эбрахим Раиси

Иранның Жоғарғы лидері аятолла Хаменеи жүздеген кандидатты президент сайлауына жібермеу туралы шешімді құптады. 27 мамырда парламент өкілдерімен кездескен аятолла осылай деп мәлімдеді.

585 кандидат арнайы парламенттік емес билік органы - Ел Конституциясын қорғаушылар кеңесінің сайлауына жіберілмеді. Олардың арасында оңшыл оппозиция өкілдері де бар. Хаменеидің мәлімдеуінше, Кеңес мүшелері "осылай болуы тиіс шешім қабылдады". Аятолланың сөздерін оның ресми сайты жариялады.

Иранда президент сайлауы 18 маусымда өтеді. Оған қатысуға 592 адам өтініш берген. Тіркеу мерзімі тақалған уақытта Кеңес іріктеудің жаңа ережелерін бекітті. Реформаторлар мен оңшыл оппозицияның өкілдері оған сай болмай шықты.

Сайлауға жіберілмегендер арасында бұрынғы президент Махмұд Ахмадинежад, қазіргі вице-президент Эсхак Жахангири, парламенттің бұрынғы төрағасы Әли Лариджани, ішкі істер министрі қызметін атқарған оппозиционер Мостафа Таджзаде бар.

Президент сайлауында Жоғарғы сот төрағасы Эбрахим Раиси жеңіске жетуі мүмкін. Ол - елдегі консерватор саясаткерлердің бірі. Раиси 1988 жылы бірнеше ондаған мың оппозиционерді жаппай өлтіруге қатысқан деген мәлімет бар.

Оппозиция сайлауға бойкот жариялауды ұсынды. Ахмадинежад сайлауға бармайтынын, қалған кандидаттардың ешқайсысын қолдамайтынын мәлімдеді. Хаменеи болса азаматтарды сайлау керек емес дейтіндерді тыңдамауға үндеген.

XS
SM
MD
LG