Жоғарғы сот мәліметінше, журналистер Х. Ахмедовке "Билік өкіліне қарсылық көрсету", А. Нуримбетовке "Жала жабу", "Кемсіту", "Билік өкіліне қарсылық көрсету" және E.Тажибаевқа "Жала жабу", "Кемсіту" баптары бойынша айыптар тағылған.
Алғашқы сот отырысы жайында ресми мәліметте ашық айтылмаған. Тек келесі сот отырысы 31 мамырда өтетіні жайында ақпарат берілген.
Биыл 7 сәуірде Effect.uz басылымының журналистеріне қарсы қылмыстық іс қозғалған. Бас прокуратура оларға сот ісіне қысым көрсетті деп айыптап, журналистерге іздеу жариялаған.
Бірақ журналистер өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.