Минскіде өткен кеңестің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылған. Олардың арасында "Жұқпалы аурулардың жайылуына қарсы күрес барысында бірлесіп іс-әрекет жасаудың жоспары" және "ТМД-ға мүше елдердің қарулы күштері офицерлерінің жедел-стратегиялық дайындық жаттығуын ұйымдастыру жөніндегі" құжаттар бар.
Улукбек Марипов Беларусьқа барған іссапары аясында ТМД үкімет басшыларының кеңесінен бөлек Әзербайжан премьер-министрі Али Хидаятпен кездесіп, Минск трактор зауытына барған.