Ссылки доступа

Өзбекстанда блогер шенеунікті видеоға тартқаны үшін ұрыс естіді


Қашқадариялық блогер Умид Каримов Касан ауданына келген облыс басшысын видеоға түсіріп жатқанда әкімшілік өкілі оны кемсіткенін мәлімдеді.

"Қабылдау кезінде облыс басшысы депутаттарды сынап жатты. Мен оған кедергі келтірмейін деп, жанынан түсіре бастадым. Осы кезде облыстық әкімшіліктің Жеткіншектермен жұмыс істеу бөлімінің қызметкері мені кемсітіп, мұндай жиынға енді келмеуімді айтты", - деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасына.

Ол жергілікті басылымдарға берген сұқбатында оқиға 29 мамырда Касан ауданының Ширинтепа ауылында болғанын жеткізді.

"Зойир Мирзаевті сөз еркіндігін сыйлаған басшы ретінде білеміз. Бірақ облыс әкімшілігі оның жұмысы жайында жазуға қарсы", - деген Каримов.

Ол сонымен бірге бұл оқиға жайында облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне хабардар еткенін, бірақ әзірге ешқандай жауап болмағанын атап өткен.

XS
SM
MD
LG