Ссылки доступа

Қырғызстанда ақпараттық саясат тұжырымдамасы таныстырылады


3 маусымда Бішкекте өлкенің 2021-2025 жылдарға арналған ақпараттық саясат тұжырымдамасының жобасы таныстырылады. Бұл туралы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, шара "Қырғызстанның ақпараттық саясатының тұжырымдамасы. Мемлекет пен медиа диалогы" атты ұлттық медиа форумның аясында өтеді. Онда жобаның мазмұны талқыланып, сөз еркіндігін қорғау, төтенше жағдай кезінде медианың қызметі туралы сөз болады.

Ұлттық медиа форумға сарапшылар, мемлекеттік қызмет және медиа өкілдері, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сөз еркіндігінің ғаламдық рейтингісінде Қырғызстан 79-орында тұр. Қазақстан-155, Өзбекстан -157, Тәжікстан - 162 және Түркіменстан 178-орынға жайғасқан.

XS
SM
MD
LG