Ссылки доступа

Тәжікстанда мигранттарды қорғау үшін "Биржа" ашылды


Тәжікстанның Тәуелсіз кәсіподақ федерациясы жанынан құрылған фирма еңбек мигранттарын Ресейге заңды жөнелту ісімен айналысады. Ақпаратқа қарағанда, бұл алданып қалудан, келісім-шарттарының бұзылуынан қорғайды.

Шешімге сәйкес, Ресейге жол алған 50 мигранттан тұратын әрбір топты "Мигранттардың еңбек биржасының" өкілі қостап барады. Ресейде тәжік мигранттары құқықтарының бұзылатынын айтып, жиі шағымданады.

Тәжікстанның Еңбек және миграция министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2020 жылы Тәжікстаннан жұмыс істеуге 130 мың адам кеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 75% аз. Ресейдің миграция қызметі тәжікстандық 502 мың адам жұмыс істеу үшін тіркеуге алынғанын хабарлады.

Тәжікстанның Ұлттық банкі былтыр ақша аудару 6,3% азайғанын мәлімдеді. Ресейдің Орталық банкі былтыр мигранттар Тәжікстанға 1,741 миллиард доллар жөнелткенін, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 759 миллион долларға аз екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG