Ссылки доступа

Ош әуежайында бөгеліп қалған тәжік азаматтары еліне оралды


Ош әуежайында бөгеліп қалған тәжік азаматтары Маргарита Расулова, немересі Алиса Нарматова және Любовь Гордеева 28 мамырда Тәжікстанға шығарылғаны белгілі болды. Бұл мәліметті "Манас" халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі растады.

Тәжікстандық "Азия Плюс" сайты оларды алып шығу үшін көрші елдің Қырғызстандағы елшісі Назирмад Ализода Ошқа барғанын, тиісті мекемелермен сөйлескенін жазды.

Тәжік азаматтары 25 мамырда Ресейдің Сургут қаласынан Ошқа ұшып келіп, Қырғызстан әуежайынан шыға алмай қалған. Олар Ресейден депортацияланып, еліне Қырғызстан арқылы қайтуды ойлаған.

Бішкек тәжік азаматтарының Қырғызстан аумағына кіруіне уақытша тыйым салған.

25 мамырда Тәжікстанның "Сомон Эйр" әуе компаниясымен Душанбеден Бішкекке ұшып келген тәжікстандық 177 азамат та кері ұшырылған.

26 мамырда Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына Қырғызстанға бармай қоя тұруға шақырды.

XS
SM
MD
LG