Ссылки доступа

Өзбекстанда журналистер мен жазушыларға коронавирусқа қарсы вакцина салынады


Өзбекстанда 31 мамырда вакцина салудың жаңа кезеңі басталады. Оған сәйкес, шетелге шығатын студенттер, журналистер, блогерлер және жазушыларға вакцина салынады.

Бұл туралы Vaksinauz Telegram-каналына Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілі Насиба Тоирова хабарлады.

Өзбекстанда емдеудің бірінші кезеңінде 65 жастан асқандар, медициналық қызметкерлер, мұғалімдер және созылмалы ауруы барларға вакцина салынған.

XS
SM
MD
LG