Алты жарым жылға сотталған өзбек блогері Отабек Сатторидің ісі туралы хабар таратқан Effect.uz сайты өзінің үш журналисінің үстінен қозғалған іс бойынша ешқандай мәлімет жарияламады, бірақ осы іске қатысты Жоғарғы сот мәлімдемесін де таратпады.
Effect.uz сайтының бас редакторы журналистер ісіне қатысты мәлімет таратпау туралы шешімді өзі қабылдағанын айтты.
27 мамырда Қашқадария облыстық сотында Effect.uz сайтының үш журналисі – Х. Ахмедова, А. Нуримбетова және Э. Тажибаеваның істінен қозғалған іс бойынша сот басталды.
Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, журналистерге билік өкіліне қарсылық көрсетті, тергеуге араласты деген айыптар тағылған.
- Біздің сайттың басшылығы сот ісіне қатысты мәліметтерді журналистерге, блогерлерге әзірге бермеу туралы кеңес берді, - дейді істі болған журналистердің бірі Элёрбек Тажибаев.
Өзбекстандағы басқа да ақпарат құралдары бұл іс туралы мәлімет таратпады.