Ссылки доступа

Centerra Gold Inc. компаниясына қарасты мекемелер Нью-Йорктегі сотқа шағымданды


"Құмтөр Голд Компани" мен "Құмтөр Оперейтинг Компани" Нью-Йорктегі сотқа шағым түсірді. Бұл туралы канадалық Centerra Gold Inc. компаниясының ресми сайтында хабарланды. Компания Қырғызстандағы Құмтөр алтын кенін өндірумен айналысады.

Канадалық компанияның мәлімдемесінде мұндай қадам Қырғызстан үкіметінің "Құмтөр Голд Компанидегі" өз активтері мен Құмтөр алтын кенін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында жасалғаны айтылған.

"Центерраның" президенті және бас атқарушы директоры Скотт Перридің мәлімдеуінше, компания Қырғызстан билігін үкіметтің талаптарын бірге талқылауға бірнеше мәрте шақырған, алайда үкімет компаниямен қандайда бір байланыс орнатуға мүдделі болмаған. Оның айтуынша, Centerra Gold Inc. әлі де болса мәселені бірге талқылауға дайын.

Бұның алдында Centerra Gold Inc. Қырғызстан үкіметінің үстінен төрелік сотқа арыз түсірген.

17 мамырда Қырғызстан парламенті "Құмтөр" компаниясының қызметін тексерген мемлекеттік комиссияның есебін тыңдап, "Құмтөр Голд Компаниге" сырттай уақытша басқару енгізуді үкіметке тапсырды.

Құмтөр - Қырғызстандағы ең ірі алтын кені.

XS
SM
MD
LG