Ссылки доступа

Тәжік мигранттарын қорғаушы Иззат Амон тергеу изоляторына ауыстырылды


Тәжік мигранттарының құқығын қорғаушы Иззат Амон Душанбе қалалық милициясының уақытша тергеу абақтысынан Әділет министрлігінің астанадағы №1 тергеу изоляторына ауыстырылды.

Азаттық радиосы тәжік қызметінің тергеуге жақындығы бар бір дереккөзінің 1 маусымда хабарлауынша, Иззат Амонды 31 мамырда ауыстырған, тергеу аяқталғанша осында болады. Сот бұның алдында Иззат Амонды шілденің аяғына дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарған.

Амонның туыстары қылмыстық істі тергеу баяу жүріп жатқанына шағымданды.

Иззат Амон 25 наурызда Мәскеуде "жоғалып", екі күннен соң Тәжікстаннан шықты. Тәжікстанның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Иззат Амонның үстінен "алаяқтық жасады" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Құқыққорғаушының туыстары тағылған айыпты дәлелсіз деп атады.

Иззат Амон мен оның жақтастары тағылған айыпты "қолдан құрастырылған" деп, істі "саяси астарын" меңзеген. Бұның алдында олар қысымға ұшыраған мигранттар оның үстінен арыздануға мәжбүр болғанын айтқан.

Еске салайық, 2 сәуірде Тәжікстанның екі жүзге жуық азаматы Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігінің алдына жиналып, Иззат Амонды босатуын талап етті. Сол кезде полиция ондаған адамды ұстады.

48 жастағы Иззат Амон Мәскеуде Тәжіктер орталығын басқарады. Ол еңбек мигранттарына құқықтық және материалдық көмек берген. Иззат Амон тәжік үкіметінің саясатын өткір сынап жүр.

XS
SM
MD
LG