Ссылки доступа

Қырғыздың арнайы қызметі парламент депуттарын Құмтөр ісі бойынша тергеп жатыр


Жогорку Кенеш депутаты Максат Сабиров Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде Құмтөр алтын кеніне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергелді.

Депутаттың айтуынша, 2012 жылы Құмтөр жөнінде құрылған депутаттар комиссиясының құрамында болғандықтан, ол куәгер ретінде тергеуге қатысқан.

Хабарларға қарағанда, парламенттің экс-спикері, қазір депутат Дастан Жұмабеков те тергеуде болған. Алайда ол журналистерге мәлімет беруден бас тартты.

Депутат Рыскелди Момбеков те тергелгені мәлім.

Еске салайық, ҰҚМК бұрынғы және қазіргі бірнеше шенеунікке, сонымен бірге депутаттарға Құмтөр ісіне қатысты тергеу аясында айып таққан.

Атап айтсақ, 31 мамырда Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов, сонымен бірге Жогорку Кенеш депутаттары Асылбек Жээнбеков пен Торобай Зулпукаров арнайы қызметтегі тергеуден соң ұсталды. Олармен бірге бұл күні қырғыз үкіметінің бұрынғы басшысы Игорь Чудинов те тергелген.

Өткен аптада Құмтөр ісі аясындағы тергеуде куәгер ретінде бұрынғы премьер-министр Темір Сариев шақыртылды.

Қырғызстанның арнайы қызметі Құмтөр алтын кеніне қатысы бар төрт түрлі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG