Ссылки доступа

Ақша мен билік: Ташкент мэрі мен президент әкімшілігінің басшысы құда болады


Джахонгир Ортикходжаев¸ Шавкат Мирзияев және Зайнилобиддин Низомиддинов (артында)
Джахонгир Ортикходжаев¸ Шавкат Мирзияев және Зайнилобиддин Низомиддинов (артында)

Ташкент қаласының әкімі, ірі монополистік корпорациялардың қожайыны Жахонгир Артықхожаев Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновпен құда болады.

Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметі президент әкімшілігіне жақын бұлақтарға сілтеме жасап хабарлады.

"Артықхожаевтың қызы Камила Низомиддиновтің ұлы Шахобиддинге тұрмысқа шыққалы жатыр. Жақында сырға салу жоралғысын жасады", - деген бұлақ.

Камила Ортиқхўжаева ва Шаҳобиддин Низомиддинов
Камила Ортиқхўжаева ва Шаҳобиддин Низомиддинов

Жахонгир Артықхожаевтың кіші қызы бірнеше жыл бұрын Instagram парақшасына дәулетті өмірін көрсету арқылы танымал болған. Оның әкесі 3,2 миллион сумга (300 доллар) "жақсы өмір сүруге болады" деп айтқаннан кейін қызының жеке ұшақпен ұшуы және қымбат көліктермен жүруі көпшіліктің ашуын туғызған.

Бұл оқиғадан кейін Камила Артықхожаева әлеуметтік желіден видеолар мен суреттерін өшіріп, белсенділігін азайтқан. Бірақ оның бұрын жариялаған видеоларын Instagram’дағы "Ташкенттің бай балалары" (miss__uzb, richkidst Tashkent) атты парақшадан көруге болады.

Интернетте президент әкімшілігі басшысының ұлы Шахобиддин туралы мәлімет аз. Instagram профиліндегі суреттеріне қарағанда, қымбат брендті киімдерді жақсы көреді.

Ташкенттік кәсіпкерлердің бірі екі кланның бірігуі коррупцияны және Өзбекстан экономикасын орталықтандыруды жаңа деңгейге көтереді деп есептейді.

"Артықхожаев Ташкентті өзінің жеке ауласына айналдырып алды десек болады. Низомиддинов болса Сурхандарияның қожайыны. Сол өлкенің кадр саясаты толық соның қолында. Жақында оның сурхандариялық адамдары негізгі мекеме басшыларына орынбасар болып тағайындалды... Екеуі құдаласқаннан кейін олардың масштабы үлкейетінін көресіңдер. Бұл өте қауіпті", - деді ол.

Akfa/Artel Corporation холдингке иелік еткен Жахонгир Артықхожаев Шавкат Мирзияевтің премьер-министр кезіндегі қолдауымен бизнес-империясын көтерген кәсіпкер ретінде танымал.

Мирзияев оны Ташкент әкімі қызметіне тағайындағаннан кейін Өзбекстандағы ірі мемлекеттік жобалардың көбі жасырын бұйрықтар және ашық жарияланбаған тендерлер арқылы Артықхожаевтың жеке компанияларына беріле бастаған.

XS
SM
MD
LG