Ссылки доступа

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Пәкістанға барады


Эмомали Рахмон мен Имран Хан
Эмомали Рахмон мен Имран Хан

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Пәкістанның премьер-министрі Имран Ханның шақыруымен Исламабадқа барады. Бұл туралы тәжік сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Рахмонның Пәкістанға сапары 2-3 маусымға жоспарланған.

"Тараптар экономика, сауда, саясат, инвестиция, қауіпсіздік, қорғаныс, мәдениет, білім беру және аймақтық байланыс тармақтары бойынша қарым-қатынас мәселелерін талқылайды деп күтіледі. Кездесулердің қорытындысында бірқатар құжаттарға қол қойылады", - деп жазылған СІМ мәлімдемесінде.

Озоди радиосы тәжік үкіметіндегі бұлақтарына сүйеніп, Тәжікстан мен Пәкістан делегацияларының ортасындағы кездесулер барысында екі мәселеге көңіл бөлетінін хабарлады. Олар — НАТО күштері Ауғанстаннан кеткеннен кейінгі жағдай және Душанбе мен Исламабад ортасындағы экономикалық қарым-қатынасты дамыту.

Пәкістан Ауғанстандағы тыныштықты және тұрақтылықты қорғайды деп мәлімдеп келеді. Бірақ Кабул осыған дейін Исламабадты "Әл-Каида" және "Талибан" қозғалыстарын қолдайды деп айыптап келген. Пәкістан болса мұндай айыптауларды теріске шығарған.

Душанбе Ауғанстанның ресми билігін қолдайды. Тәжікстанда "Талибан" тыйым салынған ұйымдардың тізіміне кіргізілген.

Исламабад пен Душанбе CASA-1000 жобасының жүзеге асуы маңызды деп есептейді. Ол арқылы Қырғызстан мен Тәжікстанға және Пәкістанға электр энергиясын жеткізу қарастырылған.

Жобаның жалпы бағасы 1 миллиард доллардан асады. "Барки точик" компаниясының соңғы мәліметіне сәйкес, Тәжікстан аймағындағы инфраструктураның құрылысына 351 миллион доллар керек. Жобаның тәжік бөлігін жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банк, Еуропа банкі, Еуропаның реконструкция және даму банкі, Ислам даму банкі және Ұлыбритания үкіметі қаржы бөлген.

XS
SM
MD
LG