Ссылки доступа

Текебаев: Қырғызстандағы шулы қамауларды халықаралық сотқа дайындық ретінде қарау керек


"Атамекен" партиясының төрағасы Өмірбек Текебаев "Құмтөр ісі" бойынша соңғы шулы қамауларды халықаралық сотқа дайындық деп қарастырады. Ол мұндай пікірін Азаттықтың қырғыз қызметіндегі "Эксперттер талдайт" бағдарламасында айтты.

"Бізді халықаралық сот күтіп тұр. Халықаралық сотта Құмтөр бойынша келісім басынан коррупция болғанын, сол кезде президент, үкімет басшысы қол астындағыларға тапсырма беріп, келісімді қолдан жасатқанын дәлелдесек, әлем қауымдастығы коррупцияға теріс пікірін білдіреді. Бүгін жаппай ұсталу, өш алу не пиар емес, дәлелдер келтіру үшін жасалынып жатқан жұмыс ретінде қарау керек", - деді Текебаев.

Оның пікірінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚМК) ұсталған шенеуніктердің айыбы жөнінде халыққа сенімді мәлімет беруі керек.

31 мамырда Жогорку Кеңештің депутаттары Асылбек Жээнбеков пен Төрөбай Зулпукаров екі айға қамалды. Экс-премьер-министр Өмірбек Бабанов пен бұрынғы депутаттар Исхак Пирматов және Талантбек Узакбаев 48 сағатқа қамалды. Тағы бір үкімет басшысы болған Игорь Чудинов бұл іс бойынша куәлік берген.

Арнайы қызмет бұрынғы және қазіргі шенеуніктерге Құмтөр ісі бойынша айыптар тақты. Осыған дейін арнайы қызмет төрағасы Камчыбек Ташиев кеніштердегі келісім-шарттарға байланысты бірнеше адам қамауға алынатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG