Ссылки доступа

Өзбек билігі поляк журналисі Агнешка Пикулицканың аккредитация мерзімін созбайды


Польская журналистка Агнешка Пикулицка-Вильчевска

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Al Jazeera тілшісі Агнешка Пикулицка-Вильчевсканың аккредитация мерзімін созбайды. Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Юсуф Кабулжанов Telegram-арнасында хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, поляк журналисінің аккредитация мерзімі тілшінің "Өзбекстан заңдарын бұзуына байланысты" созылмайды.

Ташкентте жұмыс істейтін Агнешка Пикулицканың аккредитация мерзімі биыл ақпанда алты айға созылған. Сол кезде журналист СІМ қызметкерінің тілшіден Өзбекстан туралы жағымды жаңалық таратуын, оған қысым жасалғанын айтқан.

"Билікке президент Мирзияев келген жылдары журналистикадағы жағдай жақсарды. Оған дейінгі кезеңмен салыстыруға келмейді. Дегенмен аккредитацияға бәрінің бірдей қолы жете бермейді. СІМ қызметкерлерінің маған көрсеткен қорлығын айтқаннан кейін ғана аккредитация берілді. Бірақ оның мерзімі алты ай ғана. Мен сәуірде оның мерзімін создыру үшін тағы өтініш бердім. Жауабын күтіп жүрмін. Аккредитация алар-алмасым әзірге белгісіз", - деді Агнешка Пикулицка.

Ташкентте тұратын Агнешка Пикулицка The Guardian, Al Jazeera, The Diplomat және Eurasianet сынды ақпарат құралдарына мақала жазады.

XS
SM
MD
LG