Ссылки доступа

Тәжікстанда оқушылар 7 маусымнан бастап демалысқа шығады


Тәжікстанның білім және ғылым министрінің жарлығымен 1 сынып оқушылары 3 маусымнан, 2-11 сынып оқушылары 7 маусымнан бастап жазғы демалысқа шығады.

Мұндай өзгерістер ата-аналардың оқу жылы тым созылып кеткенін, жаз кезінде сабақ оқуға балаларға ауыр болып жатқанын айтып наразылық білдіргеннен кейін енгізілген. Осыған дейін оқу жылы 14 маусымда аяқталатыны хабарланған.

Былтыр жоғарғы сынып оқушылары 27 сәуірден тамыздың ортасына дейін демалыс алған. Мұндай шешім коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған.

Тәжікстанда сегіз жыл бұрын оқу жылы Совет кезіндегідей 25 мамырға дейін болған. Бірақ соңғы жылдары 7 маусымға дейін созылып келді.

XS
SM
MD
LG