Ссылки доступа

Әндіжан-Ош жолаушылар автобусы қайта жүре бастады


Өзбекстанның көлік министрлігі хабарлағандай, сейсенбіден бастап қытайлық Transordo компаниясы заманауи 12 шағын автобусты жолға шығарды. Бұл бағыт бойынша рейстер негізінен 2019 жылдың қыркүйегінде ұйымдастырылған.

Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты көлік қатынасы тоқтап қалған. Енді 1 маусымнан бастап Әндіжан-Ош қалаларына жолаушылар автобусы қайта жүре бастады.

Әндіжан мен Оштың арасы - 45 шақырым.

Өзбекстанның көлік министрлігі екі ел азаматтары 72 сағат ішінде коронавирус инфекциясына ПТР тест тапсыруы керек екенін ескертті. Өзбекстан азаматтары биометрикалық төлқұжаттарын алып жүруі керек.

XS
SM
MD
LG