Ссылки доступа

Тәжік билігі елге жеңілдікпен жеткіхілетін тауарлар тізімін бекітті


На одном из рынков столицы. Архивное фото
На одном из рынков столицы. Архивное фото

Тәжікстан үкіметі республикаға салықсыз кіргізілетін тауарлар мен өнімдер тізімін бекітті.

Үкімет қаулысына сәйкес, Тәжікстанның мемлекеттік материалдық резерві жөніндегі агенттігі 80 мың тонна астықты, 20 мың тонна қантты, 5 мың тонна өсімдік майын, 2 мың тонна күрішті, 5 мың тонна ұнды, 200 тонна етті, 30 мың тонна дизель отынын және 15 мың тонна бензинді елге салықсыз кіргізеді.

Мақсат - базарда тауар бағасының көтерілуін болдырмау.

Үкіметтің мемлекеттік агенттікке бензин мен дизель отынын салықсыз кіргізуге рұқсат беруін Тәжікстандағы мұнай өнімдерін сатушы компаниялар сынаған.

Биыл сәуірде жанармай импорттайтын 17 компанияның басшысы президент Эмомали Рахмонға хат жазды. Олар мемлекеттік агенттікке берілген жеңілдіктер нарықтағы бәсекелестікке кедергі келтіретінін айтқан.

XS
SM
MD
LG