Ссылки доступа

Бішкекте автобус жүргізушілердің ереуілі жалғасып жатыр


Астанадағы жолаушы таситын шағын автобустардың жүргізушілері жолақысын 10 сомнан 15 сомға көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпай отыр.

Парламент депутаттары 3 маусымда үкімет пен Бішкек әкімдігін жүргізушілер ереуілін тез арада шешуге үндеген.

"Басшылық ереуіл болатынын білген. Неге біз мемлекет мүддесі деңгейінде ойламаймыз? Билік халықтың қамын жемейді дейтіндер дұрыс айтады", - деп ашуланды депутат Ирина Карамушкина.

Бішкекте жолаушы тасушылардың ереуілі 3 маусымда тоқтаған жоқ. Бұның алдында астана басшылығы тариф көтеру жөніндегі жобаны қалалық кенешке енді өткізетінін мәлімдеген. Сол себепті бұл мәселе қыркүйекте ғана шешілуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG