Ссылки доступа

Қырғызстанның денсаулық министрі: уқорғасын ауруханаларда қолданылып жүрген жоқ


Қырғызстандағы ауруханалар коронавирусқа шалдыққан науқастарды уқорғасын тұнбасымен ендеп жатқан жоқ. Денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев 3 маусымда Жогорку Кенеш отырысында осылай деп мәлімдеді.

Депутаттар COVID-19-ке қарсы вакцина сатып алуға және басқа да шараларға 1,2 млрд сом бөлуді қарастыратын жобаны талқылаған. Құжатпен танысу кезінде депутат Дастан Бекешев министрден уқорғасын туралы да сұраған.

"Сіз дәрігерсіз ғой, бірақ уқорғасын туралы мәлімдемелеріңіз бүкіл елді масқаралады. Бір ғана кеңесім бар: жұмысыңызға ұқыпты болыңыз", - деді Бекешев.

Министр депутатқа уқорғасын тұнбасы ауруханаларда қолданылмайтынын, "клиникалық сынақ нәтижелері Қазақстан мен Ресей профессорларына жолданғанын" мәлімдеді. Бейшеналиев депутат Бекешев кеңесін қабылдайтынын білдірді.

2021 жылы сәуірде Алымкадыр Бейшеналиев дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарды уқорғасын тұнбасымен емдеп жатқанын мәлімдеген. Министр мұндай ұсыныс президент Садыр Жапаровтан түсті деп айтты. Мемлекет басшысы улы өсімдік тұнбасын өзі дайындады, деп мәлімдеді министр.

Содан бірнеше күннен соң елдің түрлі аймақтарында бірнеше адам уқорғасын тұнбасынан уланып қалғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG