Ссылки доступа

CPJ: Еуроодақ Азимжан Аскаровтың өлімінің себебін анықтауды талап етуі тиіс


Азимжан Аскаров
Азимжан Аскаров

"Журналистерді қорғау комитеті" халықаралық үкіметтік емес ұйымы (CPJ) Еуропалық одақ Азимжан Аскаровтың ісіне қатысты әділеттілікке қол жеткізуі тиіс деген мәлімдеме жасады.

Ұйымның сайтында Аскаров туралы қырғыз соттары мен билігінің шешімдеріне қарсы наразылықтар жазылған.

"4 маусымда Брюссельде халықаралық "Бір дүние" фестивалі аясында Азимжан Аскаровтың әйелі Хадича Аскарованың қатысуымен Марина Шупак түсірген "Әділеттіліктің соңғы мүмкіндігі" атты деректі фильм көрсетіледі. Көрсетілімге Еуропа одағының адам құқықтары бойынша бас комиссары Эйсон Гилмор, Еуропарламенттің вице-президенті және Орталық Азия бойынша арнайы кеңесінің өкілі Хайди Хаутала қатысады. Сонымен бірге қырғыз билігінің бірқатар өкілдері келеді деп күтіледі. Осы кездесуде Еуроодақ өкілдері президент Садыр Жапаровтың әкімшілігінен Азимжан Аскаровқа қатысты сот шешімдерін жойып, отбасына өтемақы төлеп беруді талап етуі керек" делінген мәлімдемеде.

2010 жылдың маусым айында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және адам өлтіруге қатысы болды деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айырылған 69 жастағы Азимжан Аскаров 2020 жылдың 25 шілдесінде түрмеде пневмониядан көз жұмған.

Еуроодақ осыған дейін қырғыз билігін Аскаровтың өлімін жіті тергеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG