Ссылки доступа

Қырғызстан мен Канада Құмтөр мәселесін талқылады


3 маусымда Қырғызстан мен Канаданың сыртқы істер министрлері Руслан Казакбаев және Марк Гарно телефон арқылы сөйлесті. Екі министр Құмтөр кеніне қатысты пікір алмасқан. Бұл туралы қырғыз СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Казакбаев "қырғыз билігі шетелдік инвесторлар үшін оңтайлы келісім-шарт түзуге дайын екенін, "Құмтөр" жобасының айналасындағы мәселеге біржақты шешім қабылдаудан алыс болу керек екенін атап өтіп, елге заңдарды, қоршаған ортаны қорғайтын инвесторлар шақырылатынын жеткізген. Ақпаратта Канада тарапының айтқандары жоқ.

Жогорку Кеңеш 17 мамырдағы шешіммен министрлер кабинетіне "Құмтөр Голд" компаниясын уақытша сырттан басқаруға рұқсат берген.

Бішкектің Октябрь аудандық соты "Құмтөр Голдты" Қырғызстанның экология заңдарын бұзғаны үшін мемлекетке 261 млрд 719 млн 674 мың сом көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген. "Centerra Gold" компаниясы мұндай айыптауларды теріске шығарып келеді.

Оның жетекшісі Скотт Перри "қырғыз билігі кенді жұмыс істетуге бағытталған диалог жүргізуге қарсы болып келеді" деген мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG