Ссылки доступа

Азат Еуропа/Азаттық радиосы "шетел агенті" туралы бұйрықты жоюды талап етеді (видео)


Ресейде "шетел агенті" деп аталатын БАҚ-тардағы журналист материалдарын маркировка жасауға міндеттеген Роскомнадзордың бұйрығын жою керек.

Осылай деп Азат Еуропа/Азаттық радиосының орыс қызметі – Радио Свобода медиа мекемесінің бас директоры Андрей Шарый Санкт-Петербургтағы экономикалық форум аясында Ресейдің сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған кездесуде мәлімдеді.

Радио Свобода требует отменить приказ о СМИ-"иноагентах"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:00 0:00

Оның сөзінше, бұл бұйрық "шетел агенті" туралы орыс заңдарындағы басқа жобалар сияқты халықаралық заңдардың талаптарын, Ресей Конституциясын және "БАҚ туралы" заңды бұзып, медиа нарықта тек мүмкіндік беру талаптарына қайшы келеді.

Радио Свободаның ақпаратына қарағанда, талқылаудың басым бөлігі АҚШ-тағы "шетел агенті" туралы заңды және Ресейдің ақпараттық ықпалын шектеу бойынша басқа батыс елдеріндегі шараларды сынауға арналды.

Осыған дейін СІМ-нің ақпарат және баспасөз департаментінің директоры Мария Захарова "шетел агенті" туралы Ресей заңы АҚШ үкіметінің "Америкадағы ресейлік журналистерге қарсы әрекеттеріне" ұқсас екенін жеткізген.

Бірақ Азат Еуропа/Азаттық радиосының жетекшілері мен халықаралық журналистік ұйымдар бұл айыптауды теріске шығарған. Олардың сөзінше, Радио Свобода Ресейде істеп жатқан шарттар мен орыс БАҚ-тары үшін АҚШ-тағы құрылған талаптармен салыстыруға болмайды.

Биыл қаңтардан бері материалдарын маркировка ету талаптарын атқармағаны үшін Радио Свободаға Ресейде 520 әкімшілік жаза қаулысы түзілген. Осыған байланысты айыппұл мөлшері 80 миллион рубльден асқан. Бұл шешімдер бойынша Радио Свобода және оның бас директоры Андрей Шарый Ресейдің үстінен Адам құқықтары бойынша Еуропа сотына арызданған.

Мамыр айында сот шешімін орындаушылар қызметі айыппұлды мәжбүрлеп өндіру туралы 20 өндірістік іс ашып, Радио Свободаның банк есеп-шоттары бұғатталған.

XS
SM
MD
LG