Ссылки доступа

Өзбекстанда "көрінбейтін жұмысшыларды" тіркеу науқаны жүріп жатыр


Өзбекстанда Хорезм облыстық әкімдігінің, салық басқармасының және жұмыспен қамту басқармасының өкілдерінен тұратын топ 420 адамды тексеріп, жүздеген азаматты жұмысшы ретінде тіркеді.

Хорезм облысы әкімдігінің бір шенеунігі Азаттықтың өзбек қызметіне осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, облыс басшысы Фарход Эрманов жұмыс тобының кем дегенде екі рейдіне қатысқан.

Аймақ әкімдігі осылайша тұрғындар кәсібін заңдастыру арқылы қосымша жұмыс орындарын тіркеуді көздейді. Науқан басында Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддинов тұр.

Хорезм облысының Багат ауданында асхана ашқан бір кәсіпкер "заңдастыруды алға тартқан салық басқармасы тағы бірнеше тұрғынды жұмысқа алуға мәжбүрлегенін" мәлімдеді.

– Салық инспекциясының қызметкерлері мені қосымша жұмысшы алуға мәжбүрледі. Кафе мен мейрамханаларда кем дегенде 15 адам жұмыс істейді, бірақ бар болғаны екі жұмысшы ғана штатқа алынған. Қалғандары - "көрінбейтін жұмысшы". Танысы барлар солай жасады. Біз секілді шағын ғана кәсібі барларды үш жұмысшыны штатқа қабылдауға мәжбүрлеп жатыр, – дейді кәсіпкер.

2019 жылғы 2 тамызда президент Шавкат Мирзияев салық базасын кеңейтуді үкіметке тапсырған.

XS
SM
MD
LG