Ссылки доступа

"Сапат" түрік мектептерінің түлектері із-түссіз жоғалған Орхан Инандыны тапқан адамға 1 млн доллар береді


Бішкектегі үкімет үйі алдында "Сапат" түрік мектептері желісінің президенті Орхан Инандыны табуды талап етушілердің митингі өтіп жатыр. Инан 1 маусымға қараған түні із-түссіз жоғалған.

Түрік мектептерінің түлектері Инанды тапқан адамға 1 млн доллар сыйақы беретінін мәлімдеді.

"Орхан Инандыны кім тапса, сол түлектер атынан 1 млн доллар сыйақы алады. Ақпарат құралдары осы мәліметті таратсын", - деді акцияға қатысушылардың бірі.

Бұның алдында "Сапат" білім мекемесі де Орхан Инанның қайда екенін білетінін адамға сыйақы беретінін жариялаған. Сыйақы көлемі мәліметтің құндылығына қарай белгіленеді.

Инандының із-түссіз жоғалуы Қырғызстан қоғамында елеулі оқиғаға айналды. Президент Садыр Жапаров іздеуді күшейтуді тапсырса, парламент үкіметті қырғызстандықтар құқықтарын қорғау үшін шешімді қадамдарға баруға шақырды. Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында Орхан Инандының із-түссіз жоғалуына қатысты жиналыс өтті. Құқық қорғау органдары іздеу шараларын күшейтіп, "кісі ұрлау" қылмысына қатысты іс қозғады.

XS
SM
MD
LG