Ссылки доступа

Тәжік тілшісі ерекше қорғауға мұқтаж журналистер тізіміне енгізілді


Бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан One Free Press халықаралық коалициясы халықаралық қауымдастықтың баса назар аударуына мұқтаж "төтенше жағдайда" қалған 10 журналистің тізімін жариялады.

Олардың арасында шетелде тұратын тәжік журналисі Хумайро Бахтиёр да бар.

Маусымда түзілген тізімде Беларусьта ұсталған журналист Роман Протасевич, Ираннан Поен Хушхола, Ресейден Наталья Зубкова да енгізілген.

Еуропада тұратын Хумайро Бахтиёр өзінің есімін бұл тізімге енгізгенін "Тәжікстанда сөз бостандығының жағдайы нашар екендігінен және тәжік журналистеріне төніп тұрған қауіптен хабар беріп тұрғанын" жеткізді.

Коалиция мәлімдегендей, негізінен саяси және коррупциялық көріністерді жазатын Хумайро Бахтиёр 2016 жылы Еуропадан саяси баспана сұрауға мәжбүр болған. Соған қарамастан оған онлайн түрде түрлі қысым жасап, Тәжікстандағы туыстары қуғындауға тап болған.

Хумайро Бахтиёр “Имруз” радиосында, "Озодагон" ақпарат агенттігінде, "Азия-Плюс" газетінде істеп, Соғыс және бейбітшілік жөніндегі британ институты, "Анадолы" "Неміс толқыны" секілді агенттіктерге хабар жасап тұрған.

One Free Press 2019 жылдан бері ай айын түрмеде отырған, қауіп төніп тұрған журналистер тізімін жариялап тұрады. Коалиция мақсаты – өз өмірін тәуекелге салып, әлемге шындықты жеткізген журналистерді қолдау.

One Free Press коалициясына әлемнің 30-дан асқан бұқаралық ақпарат құралы кіреді. Олардың арасында Азат Еуропа/Азаттық радиосы, "Еркин Азия" радиосы, Reuters, The Associated Press, Deutsche Welle, The Washinghton Post, "Америка дауысы" бар. One Free Press Журналистерді қорғау комитетімен (CPJ) бірлесіп жұмыс істейді.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының зерттеуіне сәйкес, 2016 жылдан бері Тәжікстанда сөз бостандығы күрт нашарлап кеткен. 2020 жылы 180 елдің ішінен 161-орынға жайғасқан.

XS
SM
MD
LG