Ссылки доступа

Бішкекте автобус жүргізушілер ереуілін доғарып, жұмысқа шықты


Қырғызстан астанасында шағын автобус қатынасы қалпына келді, деп хабарлады Бішкек әкімінің баспасөз қызметі Назгүл Жамгырчиева.

Оның айтуынша, ереуіл тоқтап, шағын автобус жүргізушілер жұмысқа шықты.

"Әлеуметтік желілерде тариф 15 сомға көтерілді деген мәлімет тарады. Жолақысы өзгерген жоқ - 10 сом. Қала тұрғындары жолақысын қымбат сұрағанын білсе, 0554 182 185 нөмірлеріне хабарлассын, шара қолданамыз", - деді Жамгырчиева.

Әкімдік өкілі тарифті көтеру мәселесін Бішкек қалалық кенеші шешетінін айтты.

2 маусымда Бішкекте шағын автобус жүргізушілер жұмысқа шықпай қойды. Екі күні бұрын жолаушы тасу қызметін ұсынатын компаниялар ереуіл болатынын қала әкімдігіне ескерткен. Олар жолақысын 10 сомнан 15 сомға көтеруді талап етті.

Бішкек қалалық кенешінің отырысы 11 шілдеде өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG