Ссылки доступа

Тәліптер Душанбе мен Бішкекті ымыраласуға үндеді


Официальные представители движения "Талибан"
Официальные представители движения "Талибан"

"Талибан" қозғалысы Тәжікстан мен Қырғызстан биліктерін жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды. 28-29 сәуірде тәжік-қырғыз шекарасында болған қарулы жанжалда ондаған адам қаза тапты.

"Талибан" қозғалысының ресми өкілдерінің бірі Забехулло Муджохид 5 маусымда твиттерде: "Ислам Әмірлігі" (тәліптер өздерін осылай атайды) бауырлас, мұсылман дінін ұстанатын екі елді жанжалын бейбіт жолмен шешуге үндейді", - деп жазды. Муджохидтің пікірінше, соғыс басталғанда оны шешу оңай секілді көрінеді, бірақ оның салдары мен зардаптары жауласушы тараптар ойлағаннан әлдеқайда көп болады.

Бұның алдында "Талибан" қозғалысы Таулы Қарабахта армян-әзербайжан жанжалы туралы пікір білдіріп, БҰҰ декларациясында бұл аймақ Әзербайжанға қарайтынын, бірақ Армения оны басып алуын тоқтатпай отыр деп мәлімдеген.

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы жанжалдан соң көрші мемлекеттер мәселені бейбіт жолмен шешуге үндеді. Олардың арасында Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі де бар.

Қазақстан мен Өзбекстан да тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжал бейбіт жолмен шешілгенін қалайтынын мәлімдеген.

Ауғанстан үкіметімен соғысып жатқан "Талибан" қозғалысы алғаш рет тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжал жөнінде мәлімдеме жасады.

Тәжікстан мен Қырғызстан "Талибан" қозғалысын террористік ұйымға жатқызып, ел аумағында оның қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG