Ссылки доступа

UzAuto Motors жұмысшылары тағы да ереуілге шықты


Забастовка сотрудников UzAuto Motors в знак протеста против ежемесячных задержек заработной платы, 3 мая 2021 г.
Забастовка сотрудников UzAuto Motors в знак протеста против ежемесячных задержек заработной платы, 3 мая 2021 г.

Әндіжанда "Uz-Koram Co" компаниясының жұмысшылары жалақының қысқаруына наразылық білдіріп, ереуілге шықты.

Зауыт жұмысшыларының хабарлауынша, өткен аптада 85-тен астам жқмысшы бірнеше сағатқа ереуіл жариялаған. Компания басшылығы олардың талаптарын орындауға уәде берген.

Жұмысшылардың айтуынша, оларға айлықтың 60-70 пайызы - 1,3-1,4 млн сумы ($123-$133) ғана төленген, ал айлықтың қысқарған бөлігі он күннен соң түскен.

Компания 30 мамырда 25 жылдығын атап өткен, басшылар сол күні сыйақы алған, бірақ жұмысшыларға сыйақы берілмеген, дейді ереуіл жариялағандар.

"Өзавтосаноат" компаниясы ереуілге қатысты сауалдарға жауап бермеді.

Әндіжандағы бұл зауытта мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл 6 наурызда UzAuto Motors зауытының 200-ге жуық жұмысшысы айлықтың қысқаруына қарсы ереуілге шыққан.

XS
SM
MD
LG